Ішкі істер министрлігі өкілдері әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі тапсырманы қалай орындап жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдерінің Tengrinews.kz редакциясының сауалына берген жауабында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйекте берген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне және Тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күресу үшін Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлегенін хабарлады.
Жазаны қатаңдату аясында мыналар жоспарланған:
Бұл түзетулер мемлекеттік органдармен және Президент әкімшілігімен келісілген. Енді өзгертулер заң жобалары аясында Сенаттың қарауына ұсынылды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстың ең көп тараған түрі - денсаулыққа зиян келтіру, оның ішінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру. Қылмыстың бұл түрінің алдын алу мақсатында оны Қылмыстық кодекс бабының аса ауыр бөлігі бойынша (Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігімен "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") қарау үшін саралау белгісін енгізу жоспарланып жатыр.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабына ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") осындай түзету жеңіл дәрежеден орташа ауырлыққа ауыстыруға және қылмыскерді оқшаулау үшін қамауға алу түріндегі санкцияларды қолдануға мүмкіндік береді, өйткені бұл жағдайда қылмыскердің жауапкершілігін арттырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!