Ұлттық тасымалдаушы Астана-Семей, Ақтөбе-Алматы, Алматы-Шымкент бағыттарында әйелдерге арналған вагондарды іске қосты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұрын бұл вагондар тек 8 бағытта болса, енді олардың саны 11-ге дейін артты. Әйелдерге арналған вагондармен жүретін пойыздар:
Бұл вагондар алғаш рет 2021 жылы әйелдердің жол жүру кезінде жайлылығын арттыру мақсатында енгізілген болатын. Мұндай вагондардағы билеттердің бағасы қарапайым вагондардағы билеттерден ерекшеленбейді. Алайда әйелдерге арналған вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және олармен бірге жеті жасқа дейінгі ұл балалар ғана саяхаттай алады. Бұл вагондарда тек әйел жолсеріктер жұмыс істейді.
Қызмет іске қосылған сәттен бастап, әйелдерге арналған вагондарға шамамен 342 мың әйел билет сатып алған. Бұл көрсеткіш қызметтің жолаушылар арасында сұранысы артып келуін көрсетеді.
Әйелдерге арналған вагондары бар пойыздардың жаңа бағыттарына билеттерді bilet.railways.kz сайтында және теміржол вокзалдарындағы "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларында сатып алуға болады. Билеттер болмаған жағдайда жолаушылар ақысыз негізде "Күту парағы" қызметті пайдалана алады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!