- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әйелдердің ішіндегі әйелі...
"Әйелдердің ішіндегі әйелі болды". Абай Бегей марқұм жұбайын еске алып, егіліп жылады
Әнші Абай Бегей Podcast Urpaq Youtube-каналына берген сұхбатында марқұм жұбайын еске алып, жылап жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші әуелі марқұм әйелімен қалай танысқанын айтып берді және тұңғыш қызы дүниеге келгенде оны баға алмай қиналғанын еске алды.
"Біздің ауылда 25-30 жаста үйлену деген болмады, 20-22-23 жаста үйленетінбіз. Анам ұсыныс білдірді, біздің құдашамыз болатын. Менің туған әпкемді оның туған ағасы алды. Біз енді қарама-қарсы құда болдық. Сол үйге келіп жүреді. "Осы қызды алу керек" деді. Енді ол кезде басқа қызға барасың, балалық махаббат қой, мектепте басқа қыздарға қарайсың деген сияқты. Сөйтіп анамның айтқанын тыңдап, сол қызбен таныстым. Жанат үйге келіп жүретін, сөйтіп 20 жасымда үйленді, отбасы құрдық. Бір жылдан кейін қызды болдық, атын Гүлеркем деп қойдық. Бәр Ерке, Ерке деп кеткен, біз өзіміз еркелетін Бәшөн деп айтамыз. Гүлеркем дүниеге келгеннен кейін біз Ақтауда тұрдық. Гүлеркемді баға алмадық, шыны керек. Қарай алмадық, енді жастық болды ма. Сөйтіп анамыз үш айлығында ауылға алып кетті. Сөйтті де нағашы әжесінің қолында өсті, ауылда балабақшаға барды, бірінші, екінші сыныпта оқыды. Үшінші сыныпта біздің үйге келді. Ол кезде біздің баламыз емес сияқты болып қалды. Біз енді жас отбасы болдық, Ақтауда жұмыс істедік, жеңгеңіз оқыды. Сонымен бірінші қызым сөйтіп дүниеге келді", - деді ол.
Абай Бегей осыдан соң ұлы Жалғастың дүниеге келген сәтін, сонымен бірге әйелінің қандай болғанын есіне алып, жылап жіберді.
"Әйелдердің ішінде де әйелі болады, көп сөйлемейтін. Ерекше әйел болды. Жас кезден. Анамыз білген шығар. Анам ауырған кезде жағдайын жасады. Анам қайтқаннан кейін...", - деп әнші сөзін аяқтай алмай, жылап жіберді.
Ол осыдан кейін жүргізушіден басқа сұрақ қоюын өтінді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан