Статистикаға бойынша әйелдердің жартысынан көбі жатыр, аналық без, жатыр мойны, сарпай және қынап қатерлі ісіктерінің дабыл белгілеріне назар аудармайды. Бұл туралы гинекологиялық ауруларды зерттеумен айналысатын Ұлыбританияның жетекші ұлттық қайырымдылық ұйымы The Eve Appeal айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Sun-ға сілтеме жасап.
Ұйымның бас директоры Афина Ламнисостың айтуынша, әйелдердің тек 45 пайызы етеккір тоқтағаннан кейін қан аралас бөлініс пайда болған кезде медициналық көмекке жүгінеді, ал етеккір арасындағы қан кету кезінде дәрігерге тіптен аз барады. Сонымен қатар сарапшылар бұл әйелдердің денсаулығына қатысты мәселелердің негізгі белгілері екенін ескертті.
Сонымен қатар сарапшылар аналық без қатерлі ісігінің айқын белгілерін көрсетті.
"Етеккір үзілісінен кейін немесе етеккір арасында қан кету, қызғылт, қоңыр, қызыл түсті қан аралас қынаптан бөлініс жатырдың қатерлі ісігінің (немесе эндометриялық қатерлі ісік) белгісі. Ал сыртқы жыныс мүшелерінің ұзақ уақыт бойы қышуы, нәзіктігі, жыныс мүшелерінде дақтар, жаралар және түйін пайда болуы сарпай қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін", - деп түсіндірді маман.
Қан кету, қынаптан бөліністің иісінің жағымсыз болуы, жыныстық қатынас кезінде ауырсыну, сезілетін ісіктің болуы, жамбастың тұрақты ауруы және зәр шығару кезінде ауырсыну қынап қатерлі ісігінің белгісі болуы ықтимал.
Сарапшылар жатыр мойны обыры кез келген жастағы әйелдерде дамуы мүмкін екенін айтып, бірақ диагноз көбінесе 30-34 жаста қойылатынын ескертті. Жатыр мойны обырының белгілері әрдайым айқын бола бермейді және ауру асқынған кезеңге жеткенше білінбеуі де мүмкін. Егер жыныстық қатынас кезінде қан кету немесе ауырсыну пайда болса қынаптан бөліністің иісінің жағымсыз болса, дереу дәрігермен кеңесу керек.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз