Көбінесе әйелдер шалдығатын кейбір аурулар қатерлі ісікке әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы дәрігер, маммолог, онколог Гүлбану Егенбердиева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл қандай аурулар?
Фиброаденома - сүт безінің тығыз эластикалық, шекарасы анық-тегіс, қозғалмалы қатерсіз ісік.
"Әдетте УДЗ кезінде анықталады. Өсу көлеміне қарай не бақылауда болады не ота жасап, алып тастайды", - деді ол.
Жылауық (Киста) - ішінде сұйықтығы бар ісік.
"Ауырады, ыңғайсыздық тудырады. Әдетте бір немесе бірден бірнешесі анықталады. Көлеміне байланысты емін анықтап, бақылауда болады", - дейді дәрігер.
Өзекішілік папиллома - өзекте бір немесе бірнеше папиллома өсуі мүмкін.
"Емшектен қанға ұқсас бөлінділер бөлінеді. УДЗ, дуктография көмегімен анықталады. Мейлінше жылдам емдеу керек", - деді онколог.
Мастопатия (фиброаденоматоз) - безді ұлпаның гиперплазиясы, ұлғаюы.
"Етеккір кезінде ауырсыну пайда болады, сүт безі тығыздалып тұрғандай сезім болады. УДЗ арқылы бақылау қажет, дәрі-дәрмекпен емдейді", - дейді маммолог.
Айта кетейік, бұған дейін сізде қатерлі ісік бар-жоғын қалай анықтауға болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ауызашар берудің сауабы қандай?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!