Әйелдер көп: Қазақстанда қанша педагог бар?

Оқу-ағарту министрлігі бүгінгі таңда елімізде қанша педагог барын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда елімізде барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог еңбек етіп жүр. 

Оның ішінде 399 247 педагог мектептерде, 41 155 педагог техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сабақ береді. 

Мектепке дейінгі мекемелерде 100 566 тәрбиеші жұмыс істейді.

5 – қазан елімізде мұғалімдер күні атап өтіледі. Мереке қарсаңында ұстаздарыңызға қағидаға сай сыйлық таппай сенделмес үшін Massaget.kz тілшісі ұсынған сыйлықтар топтамасын кәдеге жаратсаңыз болады. 

Елімізде мұғалімдерге сыйлық беру мәселесіне қатысты заңнамалық шектеулер бар. "Педагог мәртебесі туралы" заң бойынша мұғалімдерге құны 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінен аспайтын сыйлықтарды ғана алуға рұқсат етілген. 2024 жылы 1 АЕК шамамен 3,834 теңгеге тең, сондықтан мұғалімдерге берілетін сыйлықтың құны шамамен 7,668 теңгеден аспауы тиіс.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз