Әйелдер киімін киіп, заңға қайшы видеолар жариялаған: Қарағандыда 56 жастағы стример ұсталды

Қарағандыда полиция TikTok-тағы заңға қайшы әрекетке тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында TikTok-та 56 жастағы стримердің қоғамда теріс пікір қалыптастыратын және заң талаптарына қайшы әрекеті анықталған.

"Қарағанды қаласының тұрғыны TikTok желісіндегі белсенділігімен танымал. Ол әйелдер киімін киіп, құқыққа қайшы видеолар жариялаған. Бұл дерекке қатысты тиісті шаралар қабылданды. Сот қаулысымен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ресми ескерту жасалды", - деді ПД өкілі.

Қазір ол әлеуметтік желілердегі парақшаларын жойған. Бірақ полицияның бақылауында болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!