Алматы полициясы психологиялық семинар барысында болған оқиғаға назар аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаланың Полиция департаменті мәліметінше, психологиялық семинарлардың бірінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі анықталған.
Іс-шара барысында кейбір қатысушылар бейәдеп сөздер қолданып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп нормаларын бұзған.
Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұйымдастырушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғаған.
"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқықбұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз