Әйелдер ер адамды таңдауда жіберетін 3 негізгі қате

Қуанышта да, қайғыда да жаныңнан табылатын ер адамды табу оңай нәрсе емес. Кейде сізді қандай да бір жігіттерге санасыз түрде тартуы мүмкін. Кейін "оның қай жерін ұнаттың" десе, қандай да бір беткі аспектілерден басқа ештеңе жоқ екенін байқайсыз. Әлеуметтік психология профессоры Мадлен Фужер өзінің "Құштарлық пен романтикалық қарым-қатынастың әлеуметтік психологиясы" кітабында әйелдер жиі жіберетін 3 қателікті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.

Тартымды сырт-келбет

Әйел табиғатынан санасыз түрде әдемі жігіттерге тартылады. Себебі ол санасыз түрде денесінің ірі және бет пішінінің дұрыс болуы жақсы генетиканы көрсетеді, яғни, мұндай адамнан бала дүниеге әкелуге болады деп ойлайды. Бұл Эль Финкель мен Пол Иствиктің зерттеулерінде дәлелденген. Олардың айтуынша, әйелдер үшін әдемі сырт-келбет адамның ерекшелігін және оның өмірде белсенді екенін көрсетеді.

Алайда басқа зерттелуер әдемі ерлер серіктерінің көзіне жиі шөп салатынын және жиі ажырасатынын дәлелген.

Тартымды дауыс

Төмен дауыс әйелдерге ерекше әсер етеді. Тартымды даусы бар ер адам ержүрек, әдемі және жағымды деп саналады. Алайда психологтың айтуынша, тестостеронның жоғары болуы жоғары үмітіңізді ақтамайды. Олар жыныстық тұрғыда белсендірек және кездейсоқ байланыстарға оңай баруы мүмкін. Сондай-ақ олар өзінің "күшін" біледі және оны қолданады. Сондықтан ұзақ мерзімді қарым-қатынас құрғыңыз келсе, бұл көрсеткішті басты нәрсе етіп қарастырмаңыз.

"Бәсекелестердің" болуы

Ер адам біреуге ұнап тұрса, ол жаман емес адам деп ойлауыңыз мүмкін. Кей қыздарға қызы немесе әйелі бар ерлер ұнайды. Алайда отпен ойнамаңыз. Сүйіктісін сіз үшін тастап кеткен ер адамға сену қиын. Себебі ол бұл әрекетін сізбен де қайталауы мүмкін.

Қорытынды

Егер ұзақ мерзімді және бақытты қарым-қатынас құрғыңыз келсе, өзара құрмет, адалдық, қарым-қатынастан қанағаттану сезімі  бірінші орынға шығуы керек. Егер бұл қасиеттер физикалық тартымдылықпен үйлессе, сіздің жолыңыз болды.

Оқи отырыңыз: Қыздар, сақ болыңдар! Сараң жігіттің 5 белгісі