Халықаралық құқық магистрі, гендерлік экономиканы зерттеуші маман еркектер физикалық жағынан мықты болғанымен, эмоционалды тұрғыдан әлсіз екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Халықаралық құқық магистрі, гендерлік экономиканы зерттеуші маман, фембике Айгерім Құсайынқызы "Айтарым бар" подкастында мәлімдеді.
"Физикалық тұрғыдан әйел 150 келіні көтере алмауы мүмкін, бірақ әйелдер эмоционалды тұрғыда мықты болады. Қазақстанда суицидтің 78 пайызын еркектер жасайды. Осыдан кейін заңды сұрақ туындайды: еркек әлсіз бе, әйел ме?", - деп ой тастады Айгерім Құсайынқызы.
Көрермендерге маманның пікірі ұнаған болса керек, YouTube желісінде жарияланған видеоны астында "Айгерім Құсайынқызы крашбике", "Айгерім ханым супер, фактпен сөйлейді, аларым көп болды", "Айгерім ханым не деген сауатты, ырза болдым" деген пікірлер көп.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз