Әйел ұзақ өмір сүруі үшін қанша бала тууына болады?

Әйел ұзақ өмір сүруі үшін қанша бала тууына болады?
Фото: pixabay.com

Балалары бар ата-ана отбасында сәбиі жоқ адамдарға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді. Мұндай қорытындыға Мичиган университеті ғалымдары келді. Олардың айтуынша, балалары бар адамдарда егде жасқа дейін өмір сүру ықтималдығы жоғары, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, ғалымдар екі баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар ұзақ өмір сүретінін анықтаған. 

"Екі ғана бала тәрбиелейтін адамдар ұзақ өмір сүреді, ал екіден аз не көп бала өмір сүру ұзақтығын қысқартады", - дейді ғалымдар.

Мамандар мұның себебі әлеуметтік байланыс болуы мүмкін дейді. Өйткені тәрбиеші, басқа ата-ана, мұғаліммен сөйлесу секілді әлеуметтік байланыстың жоғары деңгейі ұзақ өмір сүруге септігін тигізеді.

Ал егер бала саны үштен асса, ауырпалық қосылады, бұл стресс артады деген сөз. Сондықтан көп балала ата-ана екі баласы барларға қарағанда аз өмір сүреді.

Айта кетейік, бұған дейін мамандар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, бірнеше баласы бар әйелдер деменцияға бейім келеді, себебі жүктілік кезінде эстроген бірнеше есе артады.

Ғалымдар әйел адамның бақыты үшін оған бір бала жеткілікті екенін мәлімдеді. Жүргізілген зерттеудің бірі екінші және одан кейінгі балалардың дүниеге келуі жас ананың әл-ауқатын төмендететінін, уақыт тапшылығы әйелдің психикалық денсаулығын нашарлататынын көрсеткен.
 
Тағы да оқи отырыңыздар: Біржасушалылар немен қоректенеді?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә