- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әйел үйінді астында...
"Әйел үйінді астында босанып қалған". Түркия мен Сирияда не болып жатыр?
6 ақпанда Түркияның оңтүстігіндегі Кахраманмараш провинциясында таңғы сағат 4:17-де 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Салдары Түркия мен көршілес Сирияның көптеген аймағына тиді. Бұл жағдай - 1939 жылдан бергі Түркия тарихындағы ең ірі табиғи апат. 84 жыл бұрын жер сілкінісі 7,8 балл болып тіркеліп, салдарынан 33 мыңға жуық адам қаза болған. Massaget.kz тілшісі Түркия мен Сириядағы қаралы жағдайға шолу жасады.
Оқиға қалай болды?
Кеше, 6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметі 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады. Түрік сейсмологтары жер сілкінісінің күшін 7,4 балл деп бағалады. Жерасты дүмпулері ел астанасы Анкара мен Түркияның басқа қалаларында, сондай-ақ Сирия мен Ливан сияқты елдің бірнеше аймағында сезілді. Негізгі жер сілкінісінен шамамен 11 минут өткен соң, магнитудасы 6,7 болатын жер сілкінісі эпицентрінен солтүстік-батысқа қарай 32 шақырымдай жерде болды. 19 минут өткен соң магнитудасы 5,6 балл болатын тағы бір дүмпу болды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да бұл қасіретті Түркия тарихындағы ең ауыр апат деп бағалады.
Urfa’daki depremden görüntüler. Maalesef çok kötü bir sabaha uyandık.#DEPREMOLDU pic.twitter.com/ttizkdzsFs
— Cansu (@cns__dmr__) February 6, 2023
#sondakika Depremden sonra ilk görüntüler gelmeye başladı. Malatya'da Avşar otel yıkılmış durumda. pic.twitter.com/L5QmVFiLrr
— Meviza (@mevizamedya) February 6, 2023
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны қанша?
Алғашында жергілікті билік өкілдері Османие провинциясында 5 адам, Санлыурфакс провинциясында 10 адам қаза тапқанын хабарлады.
Ал кейінгі мәліметтер бойынша Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандары саны 4 мыңнан асты. Түрік ТЖ басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезар Түркияның оңтүстігіндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2921-ге жеткенін айтқан. 15 834 адам жарақат алды. Ал бұған дейін Түркияның вице-президенті Фуат Октай үйінді астынан 7840 адам тірі қалғанын айтқан еді.
"Әл-Жазира" телеарнасы мәліметінше, Сирияда 1444 адам қаза тапқан. Осылайша, екі елде қаза тапқандар саны - 4365 адам.
At least 100 people die, hundreds hurt in Syria after a series of powerful earthquakes centered in southeastern Türkiyehttps://t.co/1fiJGefAzS pic.twitter.com/LM8NLt2VqT
— DAILY SABAH (@DailySabah) February 6, 2023
SANA мемлекеттік ақпарат агенттігі мәліметінше, Сирияның Идлиб, Алеппо, Хама, Латакия және Ракка аймақтарында қатты дүмпу сезілген. Түркияда жер сілкінісіне байланысты жеті күндік аза тұту жарияланды.
Тұрғын үйлер мен тарихи жәдігерлер қирады
Оқиға салдарынан Түркияда тарихи Газиантеп бекінісі қирады. Ол ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген болатын. Шахинбейдің орталық ауданындағы тарихи Газиантеп бекінісінің шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктері жер сілкінісінен қирап, үйінділер жол бойына шашылып қалған.
Historical Gaziantep Castle's east, south and southeast bastions collapse, leaving debris scattered on the road after major 7.4-magnitude earthquake struck Türkiye's southeasthttps://t.co/5j2soYI6hC pic.twitter.com/1n6whCr2gY
— DAILY SABAH (@DailySabah) February 6, 2023
Сондай-ақ, Түркияның Малатия қаласында көпқабатты ғимарат құлаған сәт камераға түсіп қалды. Оқиға TRT Haber тілшісі аймақтағы жер сілкінісінің салдары туралы хабар таратқан кезде болған. Журналист Малатиядағы іздеу-құтқару операциясы туралы тікелей эфирде айта бастайды. Күтпеген жерден эфир жүргізушісі артында ғимарат құлап жатқанын айтып айғайлады.
Ал Түркияның вице-президенті Фуат Октайдың айтуынша, елдің әртүрлі қаласында кем дегенде 1710 ғимарат қираған.
?تازہ ترین: کے 100 سالہ تاریخ میں آنے والے سب سے تباہ کن زلزے کے قیامت خیز مناظر! ہر طرف تباہی ہی تباہی۔اب تک کے اعداد و شمار کے مطابق اموات کی تعداد ہزار سے اوپر ہوچکی ہے اور یہ اندازہ لگایا جارہا ہے کہ کُل اموات 10 ہزار تک عبور کرسکتی ہیں۔ #Turkey #earthquake #زلزال pic.twitter.com/194Pkm3VYZ
— PakWeather.com (@Pak_Weather) February 6, 2023
A magnitude of 7.5 #earthquake ' follows Powerful 7.8 earthquake ' in #Turkey ' #Syria & #Lebanon ? Atleast 912 deaths in turkey & 560 deaths in Syria ' were reported. Prayers for deceased and affectees :*(#زلزال pic.twitter.com/WxtZNTIv90
— Maha Shahid (@maha_shahid) February 6, 2023
Жер сілкінісі Түркиядағы шамамен он провинцияға, соның ішінде Кахраманмараш пен Мерсинге, Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Трабзон, Урфуға әсер еткен. Жүздеген ғимарат қираған. Малатия губернаторы Хулусидің айтуынша, Малатияда кем дегенде 140 ғимарат қираған. Сондай-ақ, Түркиядағы Хатай провинциясының әуежайында ұшу-қону жолағы толық жойылған.
Lenta.ru мәліметінше, Сирия президенті Башар Асад апаттан келген зиянды бағалау үшін үкіметтің шұғыл отырысын шақырған. Сирияның адам құқықтарын бақылау орталығы халықаралық ұйымдарды жаралыларды құтқару және апатты тоқтату үшін дереу көмекке шақырған. Олар Сирия құтқару топтарының ресурстары барлығына көмектесу үшін жеткіліксіз деп санайды.
Желіде жантүршігерлік кадрлар жарияланды
РИА Новости мәліметінше, сириялық құтқарушылар Алеппоның солтүстік-батысындағы жер сілкінісінен кейін жаңа туған нәрестені үйінді астынан шығарып алған. Әйел Гендерес елді мекеніндегі жер сілкінісі салдарынан құлаған ғимарат астында бала дүниеге әкелген, бірақ әйелдің өзі аман қалмаған. Жаңа туған нәресте ауруханаға жеткізілген. Әлеуметтік желілерде құтқарушылардың жалаңаш нәрестені асығыс алып бара жатқаны көрінетін видео тарады.
(VIDEO) 2 kids rescued from a collapsed building in the earthquake-hit province of Kahramanmaras in southern Türkiye pic.twitter.com/QpfsHi1oZq
— ANADOLU AGENCY (@anadoluagency) February 6, 2023
Түркиядағы жер сілкінісінің 10 кадры
Тағы қай елдерге қауіп туралы ескертілді?
Lenta.ru мәліметінше, Кипрдегі Никосияда үйдегі қабырғалар мен едендер қозғалғаны сезілген. Ливанның көптеген ауданында, соның ішінде Бейрут пен Бекаа алқабында да сезілген. Ол жерде қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы деректер жоқ. Басылым мәліметіне сүйенсек, жерасты дүмпулері Ирак астанасы Бағдадта да сезілген.
Ал Италияның Азаматтық қорғаныс департаменті тұрғындарға Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты цунами қаупі туралы ескертті. Италияның оңтүстік жағалауында цунами болуы мүмкін екені айтылған, сондықтан тұрғындар мен туристерге жағалау аймақтарынан аулақ болуға, жергілікті биліктен келетін ақпаратты бақылауға кеңес берілді. Ұлттық геофизика және вулканология институтының қызметкерлерінің болжамы бойынша толқын Калабрия, Пуглия және Сицилия аймақтарына жетуі мүмкін.
Әлем назары Түркия мен Сирияда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Президент тапсырмасымен Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Алдын ала мәлімет бойынша, борт Газиантепке барады. Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және апат медицинасы орталығының қызметкерлері бар.
Ал Израильдің қорғаныс министрі Йоав Галант елдің қауіпсіздік күштері қолдау көрсетуге дайын екенін айтқан. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг жер сілкінісінен зардап шеккендерге шұғыл түрде көмек жұмылдырылатынын хабарлады.
Әлемдік БАҚ мәліметінше, Илон Маск та Starlink терминалдарын жер сілкінісі салдарын жою кезінде қажет болған жағдайда Түркияға көмек жіберуге дайын екенін айтқан.
Алдын ала болжалған ба?
Ашық дереккөз мәліметтері мен БАҚ-та нидерландылық сейсмолог Фрэнк Хугербит Түркия мен Сириядағы жер сілкінісін алдын ала болжағаны жазылып жатыр. Ол үш күн бұрын жер сілкінісін болжағаны айтылады.
"Ерте ме, кеш пе, бұл аймақта (Түркияның оңтүстік-орталық бөлігі, Иордания, Сирия, Ливанда) 7,5 балдық жер сілкінісі болады", - делінген оның Twitter-парақшасында.
Sooner or later there will be a ~M 7.5 #earthquake in this region (South-Central Turkey, Jordan, Syria, Lebanon). #deprem pic.twitter.com/6CcSnjJmCV
— Frank Hoogerbeets (@hogrbe) February 3, 2023
Түркияның орталығында жаңа жер сілкінісі болды
Түркияда бүгін тағы да жаңа жер сілкінісі тіркелді. Бұл деректі Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) келтірді.
Мәліметтерге сәйкес, Түркияның орталық бөлігінде 5,3 балдық жер сілкінісі болған. Дүмпу Астана уақытымен 09.13-де тіркелді. Эпицентрі Гельбашы ауданынан бес шақырым жерде болған. Жер сілкінісі ошағының тереңдігі екі шақырым.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова