Әйел өзінің 73 жастағы туған анасын өлгенше сабап тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CMN.KZ-ке сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы Мәртөк ауылында 14 қарашада таңертең 73 жастағы әйел өз үйінен өлі табылды. Зейнеткердің өліміне ішкі ағзаларының зақымдануы себеп болғаны белгілі болды.
Бірге ішімдік ішіп, жанжал кезінде анасын ұрып-соққан марқұмның 48 жастағы қызы күдікке ілікті. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салайық, бұған дейін 15 жастағы оқушы компьютер ойнатпағаны үшін анасын балталап өлтірген еді.
Басылым мәліметінше, жасөспірім анасының дауыс көтергеніне шыдамай, оны балталап өлтірген. Кейін өзі полицияға хабарласып, жағдайды баяндаған.
"Жасөспірім адам өлтіргені туралы құқық қорғау органдарына өзі хабарлаған, содан кейін ол ұсталды", - деді Мәскеу облысы бойынша Тергеу комитетінің Бас тергеу басқарма басшысының аға көмекшісі Ольга Врадий.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!