Жилгородок ауданындағы тұрғын үйде қабаттар арасындағы баспалдақ опырылып кеткен. Оқиға кезінде әйел баспалдақтан түсіп келе жатқан. Ол ауруханаға жатқызылды. Ал екінші қабаттағы тұрғындар жұмысқа, мектепке қалай шығарын білмей отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Гагарин көшесіндегі үйде баспалдақ құлағанда, Екатерина Новикова зардап шеккен.
"Жұмысқа бара жатып, баспалдақпен бірге құладым. Өте қорқынышты болды. Тыныс алу қиын болды", - деді әйел.
"Жұмысқа бара алмай отырмыз, балалар мектепке бара алмай отыр. Жоғарғы қабатта үш баласы бар ана тұрады, менің де балам бар, көрші пәтердегі әже ауруханаға кетті, енді оның қалай кіретінін білмеймін", - дейді үйдің екінші қабатында тұратын Алена.
Қалалық әкімдік мәліметінше, 2020 жылы Гагарин үйінің тұрғындарына үйді техникалық сараптамадан өткізуге көмек көрсетілген, бірақ үйдің тек кейбір жерлері апат жағдайында деп танылыпты. Содан кейін үй тұрғындарына термодернизация бағдарламасы ұсынылған, бірақ олар келіспеген.
"Баспалдаққа қатысты мәселені шешіп жатырмыз, жөндеу үшін мамандар шақырылды, олар өлшемін алады. Екі күн ішінде олар жаңа баспалдақ жасауды жоспарлап отыр", - деді қала әкімінің баспасөз хатшысы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!