Өзбекстанда әйел сүйіктісінен айырылып қалмау үшін оны түрмеге жаппақ болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Мирзо-Ұлықбек ауданының кезекші бөліміне әйел арызданған.
37 жастағы Шоира (аты-жөні өзгертілді - еск.) өз арызында танысына қатысты заңды шара қолдануды сұраған. Оның айтуынша, әйел жақын ер адаммен танысқанына көп болмаған, олар базарда танысқан, бірнеше уақыт сөйлескеннен кейін ер адам біреуге қоңырау шалу үшін әйелдің ұялы телефонын сұраған.
Шоираның айтуынша, ол танысына телефонын беріп, өзі бірнеше метрге кейін шегінген. Алайда кейін Носирді (базарда танысқан ер адам - еск.) таппаған. Шоира ұялы телефонының құны 5,6 миллион сом (215 мың теңге) екенін айтты. Әйел күдіктінің аты-жөні мен тұрғылықты жерінен басқа ешқандай мәліметі жоғын бөлісті.
Кейін Шоира қайтадан бөлімшеге келіп, Носирдің үйге келіп, оны қорқытқаны, ұялы телефонын алып кеткені туралы айтқан.
Көп ұзамай ауданның жедел-іздестіру қызметі өкілдері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол Шоирамен бірге тұратын 30 жастағы Носир болып шықты. Офицерлер ер адамға өзіне тағылған айыптарды айтқанда, ол шошып, не болып жатқанына сене алмаған.
Носир Шоираны жарты жылға жуық танитынын, кейінгі бір ай ара-қатынасы нашарлап кеткенін айтты. Басылым мәліметінше, Шоира сүйіктісін жоғалтып алудан қорқады, сондықтан мұндай әрекетке баруға тура келген.
Шоира өтірік айтқанын мойындағысы келмеді, бірақ бұлтартпас дәлелдерге қарсы тұра алмай, Носирдің сөзін растап, шындықты айтты.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 139-бабы (жала жабу), 237-бабы (жалған хабарлау), 238-бабы (жалған куәлік беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыстық іс айыптау қорытындысымен алдын ала тергеу аяқталған соң заңды шешім шығару үшін сотқа жолданды.
Қылмыстық істер жөніндегі Мирзо-Ұлықбек аудандық сотының үкімімен 37 жастағы Шоира кінәлі деп танылды. Сот жазаның жеңілдететін мән-жайларын, оның ішінде 37 жастағы Шойраның асырауында үш баласы барын ескере отырып, оны екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!