- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әйел ресейлік танымал...
Әйел ресейлік танымал әншілердің концертіне "билет" сатып, 40 адамды алдаған
Елордада полицейлер 40-қа жуық азаматқа жалған билет сатқан алаяқты анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана мен Алматы қаласынан 40-қа жуық алданған азамат полицияға жүгінді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері Семей қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтады.
Әйел OLX қызметін пайдаланып, ресейлік танымал әншілердің концерттеріне билеттер сатқан. Келтірілген шығын сомасы 10-70 мың теңге аралығында. Шарт бойынша сатып алушы ақшаны мобильді қосымша арқылы жіберуі керек болған. Ал билет сатушы оларға жалған QR код жіберген.
"Алаяққа алданған азаматтар соңында концертке кіре алмаған. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас деректерге қатысы тексеріліп жатыр", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова