Әйел пойызда жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікке ілінді

Қазақстандық әйел пойызда жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ-та Қызылорда-Астана бағыты бойынша жүріп бара жатқан пойызда қайғылы оқиға болғаны туралы ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, әйел пойызда босанып, кейін жаңа туған нәрестені вагонның терезесінен лақтырып жіберген көрінеді. Сәбидің денесі кейін табылып, ол көз жұмғаны анықталған.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі әзірге оқиғаның мән-жайына қатысты пікір білдірмеді, алайда бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

"Қазір бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, оның аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!