- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әйел пәтер үшін...
Әйел пәтер үшін қызын өлтіруге тапсырыс берді деген күдікке ілінді
Красноярск тұрғыны пәтер үшін қызын өлтіруге тапсырыс берді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитеті аймақтық басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Тергеушілер мен полиция бірлесіп, Красноярск қаласының 48 жастағы тұрғынын өлтіруге жол бермеді.
Басылым мәліметінше, бұл істі әйелдің анасы ұйымдастырған. Красноярск қаласының 67 жастағы тұрғынына қатысты кісі жалдап, адам өлтіруді ұйымдастыру туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеушілердің айтуынша, сәуірде зейнеткер танысына қызының пәтерін иемдену үшін оны өлтіру идеясы туралы айтқан.
Мамырда танысы оны осы әрекетті жүзеге асыратын адаммен кездестірген. Алайда ол жедел қызметкерлердің бақылауымен кісі өлтіргендей болып жалған әрекет еткен. Сценарийге сәйкес, кісі өлтіру әрекеті пышақпен жасалған. Ал кейін тергеушілер күдікті ұлын да өлтіргісі келетінін білген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова