Әйелі оятқан: гвардияшы Көкшетауда көлік ұрламақ болған күдіктіні ұстады

Әйелі оятқан: гвардияшы Көкшетауда көлік ұрламақ болған күдіктіні ұстады
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның әскери қызметкері Көкшетауда көлік ұрламақ болған адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 1 қараша күні таңертең қаладағы үйлердің бірінің ауласында болған. Қызметтен соң үйіне қайтып келе жатқан кіші сержант Жеңіс Ахметов таңғы сағат 5:00 шамасында әйелінің "Біздің көлікті біреу оталдырды" деген сөзінен оянған. Аулаға шыққан ол бейтаныс біреудің оның көлігін ұрлап жатқанын көріп, бірден ізіне түскен.

Көрші аулаға бұрылған ұры кіші сержанттың көлігін тастап кетіп, басқа көлікті ұрламақ болған. Алайда гвардияшы ұрыны қуып жетіп, ұстап үлгерген.

Ұрлаушы ұсталғаннан кейін кіші сержант полиция шақырып, қылмыскерді оларға тапсырған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан