“Әйелі мен үш жасар қызын аяусыз ұрған“. Желіде жантүршігерлік видео тарады

“Әйелі мен үш жасар қызын аяусыз ұрған“. Желіде жантүршігерлік видео тарады
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде тағы бір жантүршігерлік видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Мәліметке сүйенсек, Талдықорған тұрғыны әйелі мен үш жасар қызын аяусыз ұрып-соққан. Ауыр жарақат алған әйел мен бала ауруханаға жатқызылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Адыл Бейсенбаев (@taldykorganec_kolesa)

Полиция не дейді?

Жетісу облысы Полиция департаменті мәліметінше, 2 ақпанда сағат 21:00-де 102 арнасына медициналық мекемеден үш жасар бала зорлық-зомбылық белгілерімен, дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түскен.

"Бұл дерекке қатысты "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері баланың әкесін тұрғылықты мекенжайы бойынша масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады", - деді өңір полициясы.

Қазір әйел баласымен бірге медициналық мекемеде, жәбірленуші балаға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"Оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Соталды тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget