Қостанай облысында әйелі мен ұлын өлтірген ер адам сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Сот мәліметінше, 2025 жылы 29 қыркүйекте Аманқарағай ауылының тұрғыны Н. түнгі уақытта өз үйінде жұбайы С.-мен ажырасқысы келмей, арадағы қарым-қатынасты анықтауды шешкен.
Айыпталушы Н. пышақ алып, жұбайы жатқан бөлмеге бара жатқан кезде абайсызда кәмелетке толмаған ұлы Д.-ны оятып алған. Ұлы оны тоқтатуға тырысқан кезде Н. оған бірнеше рет пышақ жарақатын салған.
Осы уақытта жәбірленуші С. оянып, ұлын қорғауға әрекет еткен, алайда айыпталушы сол пышақпен оның денесіне бірнеше рет соққы жасаған. Пышақ жарақаттарынан айыпталушының кәмелетке толмаған ұлы Д. мен жұбайы С. оқиға орнында қайтыс болған.
Сот үкімі
Сот Н.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Tengrinews.kz
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова