Батыс Қазақстан облысында ер адам он екі күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция департаменті мәліметінше, Нұрхат Ермекқали 18 наурызда сағат 18:00 уақыт шамасында Деркөл ауылындағы Северная, 14 мекенжайындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ол 1992 жылы дүниеге келген.
"Бойы 170-175, орта бойлы, шашы қысқа, қара түсті. Үстінде қою көк түсті күртеше, көк түсті джинс шалбар, сұр түсті кофта, қоңырқай түстегі аяқкиім бар. Бұрын үйінен кетіп жүрген, қолында Samsung маркалы телефоны болды. Егер сіздер қандай да бір ақпарат білсеңіз, 102, 98-45-30 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз!" - делінген полиция хабарламасында.
"Мой ГОРОД" басылымы мәліметінше, туыстары ер адам жоғалған екінші күні оның телефоны өшірілгенін айтқан.
"Сол күні оған туыстарым қоңырау шалды, бірақ ол телефонды көтермеді, хабарламаларға жауап бермеді. Келесі күні телефон өшірілді. Үш күннен кейін полицияға арыз жаздық. Барлық туысы, досы мен танысы қоңырау шалды, бірақ оны ешкім көрмеген. Іздеу әлі нәтижесіз", - деді Нұрхаттың ағасы Мақсат.
Туыстарының сөзінше, ер адамның дені сау, есте сақтау қабілеті жақсы, ішімдік ішпейді. Үйде оны жұбайы мен екі жасар ұлы күтіп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!