Бас прокуратура мас ер адам әйелі мен оның құрбысын өлтіргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратура үйлестіру кеңесінің отырысында тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселелерін талқылап жатыр.
"Былтыр Қостанайда ер адам ішімдік ішіп жатқанда әйелі мен оның құрбысын пышақтап өлтірген. Әйелі бұған дейін 49 рет полицияға жүгінгені анықталды", - деді Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.
Оның айтуынша, ішімдік ішу ауыр зардаптарға әкеп соққан.
"Сондықтан біз қосымша квалификациялық белгі ретінде "осы әрекеттерді алкогольдік немесе басқа да мас күйде жасауды" қосуды ұсынамыз", - деп түйіндеді Әбішев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз