- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әйелі көмек сұраған:...
Әйелі көмек сұраған: Екібастұзда ер адам құтқарылды
Екібастұзда өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларынан ер адамның әйелі көмек сұраған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға туралы сағат 08.55 шамасында полицияға қоңырау түскен. Әйел жұбайы есік ашпай жатқанын және оның өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтқан.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері Қуаныш Мүсірәлінов пен Серік Әділден тұратын автопатруль дереу жеткен.
"Сол жерге келген соң әйел бізге жүгіріп келіп, жұмыста болғанын және жолдасынан біртүрлі хабарлама алғанын айтты. Хабарламада ол өмірімен қош айтысқысы келетінін жазған. Уақытты жоғалтпай, біз пәтерге терезеден кірдік, бөлмеде өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды таптық", - деді қызмет инспекторы Қуаныш Мүсірәлінов.
Ер адамды тәртіп сақшылары оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова