Тойда әйелінің көзінше басқаша және ол көрмей тұрған кезде басқаша билеген жігіт қызық жағдайға тап болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео 59cek Instagram-парақшасында жарияланды. Онда асаба жігітті бір қызбен билетіп, кейін жігіт әйелін шығарып жіберіп, тағы да билетеді. Жігіт әйелі отырғанда салмақтырақ билесе, ол шығып кеткенде барын салады.
"Тойда әйелі отырса қорқатын жігіттер", - делінген видеода.
Желі қолданушылары екіге бөлінді. Бірі жай әзіл екенін түсінсе, енді бірі асабаның бұл қылығына наразы болды.
"Әйелі ойын екенін түсініп тұр ғой", "Қызық екен", "Осындай асабаның не керегі бар, отбасы ортасына түсіп", "Осындай асабалар көбейіпті ғой. Ойын деп есіріп, екі жасты қосудың орнына ажырататын", - деп жазған пікір білдірушілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!