Танымал тележүргізуші Аида Боранбай 14 ақпан әулие Валентин күніне орай жұбайынан қымбат сыйлық алған. Ол бұл туралы Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алғашында ол бұл күнді тойламаса да, сыйлық күтетінін, алайда ешқандай сыйлық алмағанын айтқан.
"Түс ауып кетті, не гүл, не кітап жоқ. Отырмын енді көзім бақырайып. Биылдыққа дым жоқ па не? Біздің жігіттен хабар жоқ. Жоқ, біз тойламаймыз құрсын. Бірақ бірдеме дәметесің ба, сондай бірдеңе екен", - делінген жазбада.
Бірақ ол бұған дейін 101 гүл алғанын, түрлі сый-сияпат көргенін айтып, қыздар қауымын бір күнге бола мың жақсылықты ұмытпауға шақырған.
Ал кейін күйеуі хабарласып, айтылған мекен жайға келуі керек екенін айтқанын жазған. Осылайша, журналист су жаңа көлікті болған.
"Сонымен күйеуім хабарласып, "тез 1 сағат ішінде мына мекенжай бойынша келе қал" деп бір жерге шақырды. Қыздар шок деймін. Алламның жан жолдасым арқылы берген сыйы", - деген ол жазбада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!