- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әйел ер адамды...
Әйел ер адамды көлікке итеріп жіберген: жантүршігерлік оқиғаның видеосы тарады
Алматы маңындағы тасжолда әйел ер адамды жүріп келе жатқан жүк көлігі астына итеріп жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.
Полиция оқиғаның 30 қазанда Алматы-Бішкек тасжолында болғанын хабарлады.
"2023 жылдың 30 қазанында Қарасай ауданының Полиция басқармасына Алматы-Бішкек тасжолында Volvo жүк көлігі жүргізушісі белгісіз ер адамды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде әйел ер адамды жүк көлігі астына итеріп жібергені анықталды", - делінген полиция хабарламасында.
Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша аудандық п тіркелді.
"Жедел іздестіру шаралары барысында 1963 жылы туған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаменті басшысы Бауыржан Әленов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина