Нью-Йоркте әйел екі жасар ұлын ұстайтын тор құрастырған. Ол ақпанда ұсталды. Қазір әйел сот алдында жауап беріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, бұл бала үш жағынан үстіңгі жағына байланған бесіктің бір бөлігімен жабылған, баланың тұруына немесе манежден кетуіне кедергі келтіретін уақытша тордың ішінде болған.
"Бұл бала үйде жасалған манеж-тордың ішінде болды, оның үш жағының жоғарғы бөлігі қапталған, бала манежден тұра да, шыға да алмайды" -, делінген полиция хабарламасында.
Мұндай сұмдық "күтім" туралы көршілері арыз жасаған. Тәртіп сақшылары нәрестені нәжіске толы тордан тапты. Оның денесінде көгерген жерлер бар, ал ауруханада қабырғасының сынғаны айтылды. Бір күн бұрын бала баспалдақтан құлап кеткенімен, байғұс ана дәрігерлердің көмегіне жүгінбегені анықталды. Әйел бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз