Әйел денсаулығына пайдалы 6 өнім

Әйел денсаулығына пайдалы 6 өнім
Фото: pixabay.com

Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында әйел денсаулығына пайдалы өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Деніңіздің саулығы әрі ажарыңыздың нұрлануы дұрыс тамақтанудан басталады", - дейді Ұлжалғас Сманова.

Маманның айтуынша, мына өнімдер әйел денсаулығына өте пайдалы:

Қырыққабат

Қырыққабаттың кез келген түрі пайдалы. Оның қай түрінде де жасушалардың дұрыс қалыптасуына қажетті дәрумендер, темір, магний, калий тәрізді микроэлементтер көп. Оған қоса, әйел ағзасындағы дұрыс емес эстрогенді гормондарды дұрысына алмастыратын заттар бар. Қырыққабат сығындысынан сүт бездері мен жатыр онкологиялық ауруларының алдын алатын препараттар мен ББҚ-лар дайындайды.

Жеміс-жидектер

Әйел ағзасы үшін мүкжидек, шырғанақ, қаражидек, таңқурай, қарақат өте пайдалы. Олар әсері жағынан кейбір антибиотиктерге ұқсайды. Мысалы, бүйрек пен қуық ауруларын емдеуде көп препараттарды мүкжидек сығындысынан дайындайды. Қуық жүйесінің микрофлорасын қалыпта ұстау үшін қара және қызыл түсті жидектерді көп пайдаланған жөн.

Балық

Бұл омега қышқылдары, майда еритін дәне Д, Е дәрумендерінің қайнар көзі. Ол кальцийдің қанға сіңуіне, тері мен қан тамырлар саулығына, жастықты сақтауға, ішектің дұрыс жұмыс істеуіне пайдалы. 

Жұмыртқа

Онда дәрумендер мен микроэлементтер тепе-теңдігі сақталған. 

Өсімдік майлары

Олар аналық безге, теріге, көз жанарына, шашқа өте пайдалы. Майлар рафинадталмаған, табиғи болуы керек. Ең жақсысы - зәйтүн майы. Ол қан тамырларды жақсы тазартады. Ал авокадо майы жасартады.

Көк шөп

Асжапырақ, аскөк, ақжелкен, сельдерей фолий қышқылына, темірге бай ферменттердің бөлінуіне көмектеседі.

Оқи отырыңыз: Әйел денсаулығын құртатын 7 әдет

А. Жапатова