- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әйел бұрынғы күйеуінің...
Әйел бұрынғы күйеуінің ата-анасынан алимент төлеуін талап ете ала ма? Заңгер жауап берді
Қазақстанда ажырасқан ер азаматтар алимент төлеуден жалтаратын жағдай көп кездеседі. Әйел бұрынғы күйеуінің ата-анасынан алимент өндіруін талап ете ала ма? Бұл сұраққа "Право знать" Telegram-арнасының авторы, заңгер Надежда Гельдт жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, ҚР 152-бабына сәйкес, егер кәмелетке толмаған бала еңбекке қабілетті ата-анасының немесе кәмелет жастағы туған еңбекке жарамды бауырларының есебінен күн көруге мүмкіндігі болмаса, ол ата-әжесінен алимент талап ете алады.
"Яғни, әкесінің ата-анасынан алимент талап ете алу үшін кәмелетке толмаған бала туған ата-анасынан көмек алмауы қажет және ата-әжесінің жағдайы жету керек. Бұл шарттарды сот белгілейді", - дейді ол.
Алимент алуға құқығы бар адам заңды түрде сотқа арызбен жүгіне алады.
"Алимент сотқа жүгінген сәттен бастап беріледі", - деді "Право знать" Telegram-арнасының авторы.
Сонымен қатар, заңгер өткен кезеңдегі төлем сотқа жүгінген сәттен бастап үш жылдық мерзім ішінде өндіріліп алынуы мүмкін екенін түсіндірді.
"Бірақ бұл заң, сот өтініш бергенге дейін алимент алу үшін шаралар қабылданғанын, бірақ төлем жасалмағанын анықтаса ғана күшіне енеді", - деді Надежда Гельдт.
Айта кетейік, бұған дейін адвокат Жалғас Серіпханқызы "кәмелет жасқа толған бала ата-анасынан алимент өндіре ала ма?" деген сұраққа жауап берген болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Киімге жұққан татты қалай кетіруге болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә