Продюсер Баян Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовпен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Без мишуры" youtube-арнасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Тұрсынға бірден ғашық болған.
"Махаббат қашан қай кезде келетінін сұрамайды ғой. Оған ғашық болдым. Алдымда қандай жағдай болса да, бұрынғы өмірімді әрі қарай жалғастыра алмайтынымды түсіндім. Біз Тұрсынмен Грузияға бардық. Бұл сапарды экс-күйеуімнен кету үшін арнайы ойластырдым. Оған кері оралмайтынымды түсіндім. Грузиядан елге келдім, үйіме бардым. Бәріне бұдан әрі бұлай бірге өмір сүрмейтінімді айтқым келді. Туыстардың бәрін жинадым. Қызыма хабарласып, "туыстардың бәрін жина" дедім. Қызыма да айттым. "Басқа адамды сүйіп қалдым, саған кері оралмаймын". Осыны айту үшін үйге қайтқым келді. Тұрсын маған үйлене ме, жоқ па, маған бәрібір болды. Алдымда не күтіп тұр, оған да қарамадым. Не болатынын ойламадым", - деді ол.
Продюсер өз адамын кездестірген сәтте оны ештеңе тоқтата алмаған.
"Тұрсынмен алғаш кездескенде 3 сағат бойы сөйлестік. Экс-күйеуіммен мен бұлай сөйлеспегенмін, әңгіме-дүкен құрмағанмын. Тұрмыстың айналасындағы нәрсе үшін ғана сөйлесетінбіз. Тұрсынмен сөйлескенде мені түсінетінін сездім. Біз әлі күнге дейін отырып алып, сағаттап әңгімелесеміз. Ол мені, мен оны қызыға тыңдаймыз. Тұрсынның әйелі барын естіген кезде ештеңе ойламадым. Керісінше, өзімнің күйеуі бар әйел екенім көп ойландырды. Сен өз адамыңды кездестіргенде бәрін түсінесің. Бірде бір күш тоқтата алмайды. Себебі сен өз адамыңды кездестірдің", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!