- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әйелі - әнші"....
"Әйелі - әнші". Отбасын жасырмайтын қазақстандық шенеуніктер
Бүгінде әлеуметтік желі көптеген шенеуніктің жұмысын жеңілдеткендей. Желі арқылы олар халыққа есеп беріп отыра алады. Кейде халықтың түрлі сауалына да жауап беріп жатады. Түрлі әкім не министр көбіне жұмыс барысындағы суреттерін бөлісіп жатады. Бірақ отбасын, балаларын да салып тұратын шенеуніктер бар. Massaget.kz тілшісі Желіде отбасын жасырмайтын шенеуніктерге шолу жасады.
Ерболат Досаев әйелімен
Алматы әкімі Ерболат Досаев елдегі сайлауға әйелімен келіп тұрады. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, қала басшысының үш баласы бар.
Досаев биыл референдумда дауыс беруге де әйелімен келген болатын.
"Әдемі жұп", "Әйелі Гүлнара тренд киімсіз, жасанды емес, бұл, әрине, қуанатады. Нағыз қазақ қызының сұлулығы", "Отбасымен келіпті, жақсы үлгі", - деп жазған сайт оқырмандары.
Аймағамбетов ұлымен
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов - әлеуметтік желіні белсенді қолданатын шенеуніктердің бірі. Парақшасында қызметіне қатысты суреттерін бөлісіп отырады. Отбасын көп көрсете бермейді. Тек 2013 жылы ұлымен балық аулап жатқан сәттегі суретін бөліскен болатын.
"Ұлыммен балық аулап", - деп жазды министр.
Ол кезде (2012-2014 жылдары - еск.) министр әлеуметтік мәселелер бойынша Нұра ауданының әкімнің орынбасары қызметінде болған. Ашық дереккөздегі мәліметте Аймағамбетовтің ұлының есімі Әлихан екені айтылған. Бүгінде ол жетінші сыныпта оқиды. Министр Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында ұлы қарапайым мемлекеттік мектепте білім алатынын айтқан.
Министрдің өзі қарапайым, көпбалалы отбасынан шыққан. Әкесі 1980-жылдары қайтыс болған. Содан бері анасы балаларын жалғыз тәрбиелеп өсірген екен. Асхат Аймағамбетовтің әпкесі дәрігер, тағы екі әпкесі педагог (мектеп директоры емес). Екі ағасы да білім саласында.
Бағдат Мусин отбасымен
Биылғы кезектен тыс президент сайлауына әйелі және баласымен келген цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Желі қолданушыларын тәнті еткен болатын. Ол Instagram-парақшасында дауыс беру кезінде түскен суретін бөліскен.
"Бүгінгі таңымыз азаматтық борышымызды өтеуден басталды) Кішкентайымызбен бірге сайлау учаскесіне барып, еліміздің болашағы үшін өз дауысымызды бердік!", - деп жазды министр Мусин.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бағдат Мусиннің Instagram-парақшасын қарасаңыз жұмыс барысындағы суреттеріне қарағанда отбасымен бірге түскен суреттерінде белсенділік көп болады. Мысалы әкесін туған күнімен құттықтаған мына суреті министрдің оқырмандарына ұнаған.
Фото: instagram.com/bagdatmussin
"Сіздей перзенті бар әке, уайымдамасын! Бар қазаққа қызмет ететін тамаша ұлды тәрбиелепті! Құтты болсын!", "Не деген керемет сөздер. Әкеңіздің өмір жасы ұзақ, денсаулығы мықты болсын деп тілейміз", "Құттықтаймын! Әкеңіз ұзақ жасай берсін. Сіздей ұлы бар әкеңіз бақытты!", - деген пікірлер жазылған суретте.
Абай ауданының әкімі жұбайымен
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев та президент сайлауы кезінде әйелімен келген. Видео TikTok-та пайда болды. Оны Думан Кенжеғазин атты қолданушы бөліскен.
@dddudiii #Сайлау2022 #Sailau2022 #АбайОблысы #АбайОблысыныңӘкімдігі #НұрланҰранхаев ♬ RAVE - Dxrk ダーク
Әйелімен сайлауға келген облыс әкімінің видеосына түрлі пікір жазылған. Көбіне Желі қолданушылары әкімнің әйеліне тәнті болған.
"Әйелі күйеуіне сондай мақтанышпен қарап тұр", "Әйелі күйеуіне жақсы қолдау көрсететіні көзінен-ақ көрініп тұр", "Жан-жарыңыз жарық, әдемі, сізбен бірге биік белестерді бағындырар, тірегіңіз мықты", - деп пікір жазылған.
Екібастұз әкімі отбасымен
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин де әлеуметтік желілерді белсенді қолданады. Парақшасында көбіне жұмыс барысындағы суреттерін бөліседі. Отбасы туралы бөліскен жазбасы да бар.
Қала әкімі әйелі және баласымен түскен суретін бөлісіп, "Отбасы" күнімен құттықтаған.
Айта кетейік, Екібастұз әкімінің әйелі Назым Бейсекина (Нұртазина - бұрынғы тегі) Дауыс International тобының экс-солисі. Бүгінде олар екі қыз тәрбиелеп отыр.
Сайлауға отбасымен келген тағы бір әкім
Отбасын желіде таныстырған тағы бір әкім - Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. Ол әйелі және екі ұлымен сайлауда дауыс беруге келген.
"Бүгін сайлауға ұлдарыммен бірге барамын деп шештім. Менің ойымша, бұл дұрыс шешім", - деп жазды әкім.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Одан бөлек, Өскемен әкімі ата-анасымен түскен суретін бөліскен.
Фото: instagram.com/zhaksylyk_omar
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина