Reddit қолданушысы 14 жылдан кейін күйеуімен не үшін ажырасайын деп жатқанын айтқан. Екі жаққа кетуге күйеуі айтқан бір пікір себеп болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жазба авторының сөзінше, ол күйеуімен 13 жыл кездесіп, былтыр тұрмысқа шыққан. Оның айтуынша, күйеуі ашушаң әрі үнемі бәрін бақылап жүретін болған.
"Мен достарыммен кездесе алмайтынмын. Өзіме артық ақша жұмсауыма шектеу қоятын", - дейді әйел адам.
Жақында жазба авторы күйеуі және әпкесімен барда отырған кезде бір оқиға болған.
"Сәл ішіп алдық та әпкем: "Сен енді оған тұрмысқа шықтың ғой" деді. Мен "Ол маған ұсыныс жасауы үшін 13 жыл қажет болды" дедім", - дейді әйел.
Сол кезде күйеуі оған 13 жыл бойы үйленгісі келмегенін, себебі ол әйелге тән қылықтарын көрсетпегенін айтқан.
"Сол кезде бәрін түсіндім", - дейді әйел.
Осылай әйел адам ажырасуға шешім қабылдаған. Жазбада әйелді қолдап, түрлі пікір жазылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!