Айдын Құлсейітов қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айдын Құлсейітов 1976 жылы Өскемен қаласында туған.
1997 жылы - Батыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін; 2004 жылы - Қазақтан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған.
Техника ғылымдарының кандидаты.
1996-2000 жылдары - коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.
2000-2003 жылдары - Өскемен қаласының Индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасының Индустрия және экология бөлімінің бас маманы, бастығы.
2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы.
2004-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Тұтыну тауарлар бөлімінің бастығы, Өнеркәсіптің тау-кен және өңдеу салалары басқармасының, Индустриалдық саясат департаментінің директоры, Хатшылық - Стратегиялық жоспарлау және жинақы талдау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің директоры.
2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2009-2014 жылдары - "Ұлттық инновациялық қор" АҚ басқарма төрағасы (қайта ұйымдастырудан кейін "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік").
2014-2017 жылдары - "Қазақстандық индустрия дамыту институты" АҚ-ның басқарма төрағасы.
2017-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі.
2019 жылғы 22 шілдеде Мемлекет басшысының Өкімімен Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!