- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зейнеткерлерге жұмыс
Айдос Сарым жұмыс істейтін зейнеткерлердің зейнетақысын тоқтату туралы ойын айтты
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жұмыс істейтін зейнеткерлердің зейнетақысын тоқтату туралы бастаманы сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл шара еңбек ету және әлеуметтік қамсыздандыру құқығына кепілдік беретін Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келеді. Айта кетейік, зейнетке шығу өлім жазасы емес. Әрбір Қазақстан азаматы зейнеткерлік жасқа жеткенде де адал еңбек етуге құқылы, әйтпесе, кәсіби мұғалімдердің, дәрігерлердің және басқа да санаттағы мамандардың тапшылығына байланысты мәселелерді қалай шешуге болады?" - деді Айдос Сарым.
Ол еліміздегі кадр тапшылығын баса айтты.
"Мәселен, enbek.kz Еңбек биржасының мәліметінше, 4 қарашадағы жағдай бойынша 53 826 бос жұмыс орны болса, оның 13 356-сы еңбек өтілін талап етпейді. Басқа жұмыс іздеу платформасы Head Hunter (hh.kz) 47 946 бос жұмыс орны бар", - деді депутат.
Оның айтуынша, тағы бір тенденция - жастардың шетелге жұмысқа кетуі. Ол бұл үдеріс жұмыс тапшылығына емес, жалақының аз болғанына байланысты екенін айтты.
"Сонымен қатармұндай бастамалар ұрпақ арасына алауыздық тудырып, зейнеткерлерді жастарға қарсы қояды. Зейнеткерлер жастардың жұмысын "тартып алып жатыр" деген дұрыс емес. Сондай-ақ Еңбек министрлігінің 2015 жылы зейнеткерлерді жұмыстан шығаруды заңдастыру туралы асығыс шешімі халықаралық еңбек стандарттарына қайшы келеді. Осыған байланысты алдағы уақытта әлеуметтік шиеленіс тудыратын мәлімдемелерден аулақ болуға шақырамын", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы ең төмен зейнетақы қанша болатыны айтылған еді.
Алдағы үш жылға арналған заңның 9-бабында көрсетілгендей, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төменгі мөлшерi - 85 000 теңге, мемлекеттік базалық мөлшері - 32 360 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшерi - 62 771 теңге, айлық есептiк көрсеткiш - 3 932 теңге, ең төменгі күнкөрiс деңгейiнің шамасы - 46 228 теңге деп бекітілген.
"Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5 пайызға көтеру көзделген", - делінген құжатта.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек