Айдос Рысбаев ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Айдос Рысбаев ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
Фото: gov.kz

Айдос Рысбаев ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Рысбаев 1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С.Бейсенов атындағы Қарағанды заң академиясын тәмамдаған.

  • 1998 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы ІІБ криминалдық полициясында қызмет атқарды.
  • 2005 жылдан 2016 жылға дейін Астана қаласының полиция департаментінде түрлі басшылық лауазымдарда болды.
  • 2019-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары,
  • 2022 жылдан ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы,
  • 2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова