Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ол 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер, мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Бірнеше жыл Солтүстік Қазақстан облысында лауазымды қызметтер атқарған. 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.
Ал 2023 жылы ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!