Айдар Жарылғанов әділет вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Үкіметтің қаулысымен Айдар Төлетайұлы Жарылғанов әділет вице-министрі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ол 1978 жылы Абай облысы Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік университетін, Әділет жоғары құқық мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы маусымда Астана қаласы "Ақ Орда" жобалау-құрылыс компаниясы ЖШС инженері болып бастаған.
2001-2002 жылдары - Мемлекеттік кірістер министрлігі Заң департаментінің жетекші маманы.
2002-2007 жылдары - Қаржы министрлігінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
2007-2008 жылдары - Президент әкімшілігі Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы.
2008-2023 жылдары Президент әкімшілігінде мемлекеттік құқық бөлімінің сарапшысы, консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі болып қызмет етті.
2023 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!