ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып Айбек Сыдықов тағайындалды, – деп хабарлайды Massaget.kz Ақордаға сілтеме жасап.
— Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Жексеналыұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК-да экскурсия жүргізушісі болып бастаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!