Айбек Смадияров Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айбек Смадияров туралы не белгілі?
Ол 1983 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында (бұрынғы атауы - еск.) дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған.
Бұған дейін мынадай қызметтер атқарды:
- 2005 ж. - "Қазақстандағы Қытай банкі" АҚ Административтік департаментінің маманы
- 2006-2008 жж. - ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің маманы
- 2008-2010 жж. - ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташе, үшінші хатшысы
- 2010-2012 жж. - Қазақстанның Мажарстандағы елшілігінде үшінші хатшы
- 2012-2013 жж. - ҚР Президентінің баспасөз қызметінің сарапшысы
- 2013-2014 жж. - ҚР СІМ Сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы
- 2014-2018 жж. - Вьетнамдағы ҚР елшілігінде екінші, бірінші хатшы
- 2018-2019 жж. - ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы
- 2019-2023 жж. - ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары - баспасөз хатшысы
- 2023-2025 жж. - ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры - ресми өкілі
- 2025 жылғы наурыздан бастап - ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы - ресми өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова