Айбек Оралбай Азия ойындарының жарты финалына шықты

 Айбек Оралбай Азия ойындарының жарты финалына шықты
Фото: ҰОК

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсетін қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының жарты финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ширек финал жекпе-жекте қазақстандық боксшы Қырғызстан өкілі Мырзакир Кошалиевпен кездесіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Жекпе-жек барысында Оралбай кездесу тізгінін өз қолында ұстап, жүйелі түрде дәл соққылар бағыттады және қарсыласына өз айқас мәнерін таңуға мүмкіндік берген жоқ.

Осы жеңісінің арқасында Айбек Оралбай бокс турнирінің жарты финалына жолдама алды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба

Айбек Оралбай - Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы

2025 жылы Ливерпульде (Англия) өткен World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионатында 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтын иеленді. Ол кезде финалда Оралбай өзбекстандық Жахонгир Зокировты 3:2 есебімен жеңген болатын.

2026 жылғы маусымда боксшы Қытайда өткен Әлем кубогында германиялық Никита Путиловты айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль алды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба

Енді Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай, Төрехан Сабырхан, Алуа Балқыбекова және Наталья Богданованың ширек финал жекпе-жекке шығады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget