Айбек Дәдебай енді немен айналысатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді. Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бүгін Айбек Дәдебай Президент әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды. Оның орнына Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!