- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- денсаулық
Аязға аллергиямен қалай күресуге болады?
Аязға аллергия кезінде жылы киім мен қорғаныш крем көмектеседі. Бұл жайлы иммунолог Владимир Болибок айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі News.ru-ге сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, температуралық аллергиямен қиналатын адамдарға аллергияға қарсы дәрілер ішу керек. Оның айтуынша, олар оны емдемейді, олар тек белгілерді басады.
"Жылы киім киіп жақсылап қорғану керек. Суыққа көп шықпауға тырысу керек. Қарапайым аллергияға қарсы дәрілер көмектеседі. Бірақ олар оны емдемейді, олар тек белгілерді басады. Аязға сезімталдық кезінде кейде қорғаныш кремдер көмектеседі, бірақ оларды алдын ала қолдану керек", - деп кеңес берді Владимир Болибок.
Иммунолог барлық аллергиямен ауыратындардың 5-6%-ында ғана аязға аллергия бар екенін айтты. Алайда ол ауыр жағдайлар да кездесетінін жасырмады. Дәрігер кейбір адамдар тіпті қолдарын суық сумен жуа алмайтынын айтты.
"Симптомдары - есекжем ауруы кезіндегідей: бірден қызару, қышу, көпіршіктер. Аллергия адам аяздан жылы жерге кірген кезде емес, аязға шыққан бойда пайда болады. Аллергия аллергенмен байланысқа түскен кезде пайда болады. Яғни аллергенмен байланыс болмаса, аллергия да болмайды. Сондықтан аязға аллергия кезінде де суық ауаға көп шықпауға тырысу керек", - деп қорытындылады иммунолог.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова