Қазгидромет 18, 19, 20 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Скандинавиялық антициклон еліміздің солтүстігіне, шығысына және орталығына әсер етіп, жауын-шашынсыз, салқын ауа райы сақталады. Алайда ауа массалары ығысуына байланысты ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы болжанып отыр: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік өңірдің таулы жерлерінде жаңбыр, қар жауып, жел күшеюі мүмкін.
Республика бойынша түнгі, таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Күндіз батыста, солтүстікте және орталықта ауа температурасы 15-23 градусқа дейін көтеріледі, шығыста 10-18 градус жылы болады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 17-28 градусқа дейін жылынады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз