Қазгидромет РМК республиканың көптеген өңірінде жүріп жатқан қатты аяздың басылатынын хабарлады. 29 қаңтардан 30 қаңтарға дейін аязСолтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында босаңсып, аптаның аяғында ауа температурасы -35-41 градустан -15-23 градусқа дейін, түнде -25-33 градустан -7-15C дейін көтеріледі.Оңтүстік аймақтардатүнгі температура -21-35 градустан -5-13C, күндіз -15 -2-ден -2 + 3C дейін көтеріледі, делінген хабарламада. 19 қаңтарда синоптиктер орталық, солтүстік және шығыс облыстарда қатты аяз болатыны туралы дауылды ескерту жасаған болатын. Одан кейін қатты аяз еліміздің оңтүстік аумақтары Алматы,Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына да жетіп, 29 қаңтарға дейін осы ауа-райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Baribar.kz