- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аязда көз жасаураса,...
Аязда көз жасаураса, не істеу керек? Көз дәрігері жауап берді
Әдетте қыста суықтан көз жиі жасаурайды. Мамандардың айтуынша, бұл қалыпты жағдай және ыңғайсыздықтан құтылуға көмектесетін бірнеше қарапайым әдіс бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосферада ылғалдың болмауына байланысты суықта тері құрғатайтыны белгілі. Бұл тіндердің тітіркенуіне әкеп соқтырады, салдарынан тері жарылып, қабыршақтанады. Қысқы суық көзге де дәл осылай әсер етеді.
Вирджиния офтальмологы Майкл Брусконың сөзінше, қыста көзден жас ағудың әдетте зияны жоқ. Бірақ егер мұндай құбылыс ұзақ уақыт кетпесе, дәрігерге барған дұрыс.
Сонымен қатар, көзді ылғалдандыру үшін консерванттарсыз жасанды көз жасын қолдану ұсынылады.
"Көзді мұндай ортадан қорғау үшін тосқауыл ретінде сыртта күннен қорғайтын көзілдірік кию де тиімді шешім болуы мүмкін", - дейді маман.
Айта кетейік, бұған дейін көз жасы таусылуы мүмкін бе? Офтальмолог көп жыласа не болатынын айтқаны хабарланған болатын.
Әдебиетте және кинода "жас қалмады" немесе "жас таусылғанша жылау" деген секілді сөздерді кездестіруге болады. Алайда дәрігердің айтуынша, жастың таусылуы мүмкін емес.
"Жылау адамда көз жасын тудырған фактор кеткенше созылады: жағымсыз эмоциялар, шамадан тыс жұмыс, ауырсыну және т.б. Сондықтан көз жасын тауысу мүмкін емес", - дейді маман.
Бірақ ұзақ жылау көздің қызаруын, конъюнктиваның тітіркенуін және қабақтың ісіп кетуін шақырады. Көзжас бездерінің шамадан тыс жұмыс істеуіне байланысты көз айналасы тінаралық аумақта артық сұйықтық жиналады, бұл көз астының ісіп кетуіне әкеледі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тісті содамен ағартуға бола ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә