- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аяз күшейе ме?...
Аяз күшейе ме? Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Фото:
Massaget.kz
Қазгидромет синоптиктері 9-11 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қара теңіз аудандарынан ығысқан циклон Қазақстанның батысынан шығысына қарай жылжиды. Сондықтан қарлы боран соғып, жауын-шашын жауады. Сондай-ақ, оған қарай скандинавиялық антициклон жылжиды. Кейін аз уақытқа аяз күшейеді. Республика бойынша қатты жел күтіледі.
"Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында аяз болады, термометр бағаны түнде 20-30 градус аязға дейін, ал шығыста 18-23 градусқа дейін көрсетеді", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова