Қазгидромет 12, 13, 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты елдің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы да мүмкін. Түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Жауын-шашын (жаңбыр, қар) 12 сәуірде Қостанай, 13-14 сәуірде Ақмола, 14 сәуірде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Абай, Жетісу облыстарында, 14 сәуірде Ұлытау облысында жауады. Ел аумағында тұман түседі.
"12 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан, Атырау, 12-14 сәуірде Ақтөбе, 13-14 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 градус аяз болады деп болжанып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова