24 ақпанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен қар жауады, боран соғады, жел күшейеді.
Сонымен қатар Қазақстан бойынша тұман түседі деп күтілуде. Шығыс Қазақстан және Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Оңтүстіктегі таулы аймақтарында тұман түсіп, бұрқасын болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан жел солтүстік-батысқа қарай соғады, күші 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -31-33°C, күндіз -15-17°C.
Алматыда күн бұлтты, кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5°С.
Шымкентте күн ала бұлтты, өткінші қар жауып, тұман түседі деп болжанған. Солтүстік-шығыстан екпіні 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз 0-2°С.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!