“Аяз“. Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

“Аяз“. Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

"Қазгидромет" өкілдері алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына Сібір антициклоны әсер етеді, сол себептен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градус аязға дейін, еліміздің қиыр шығысында аяз, 23 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина